Үкімет «Шеврон» корпорациясының еліміздегі қызметіне қолдау көрсетеді - ҚР Премьер-Министрі

размер шрифта: Aa | Aa
13.12.2012 12:57
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Шеврон» корпорациясының бас атқарушы директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонды қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық шеңберін кеңейте түсу мәселесін талқылады.

Д. Уотсон Қазақстандағы кен орындарын игерудегі жобаларды жүзеге асыру және «Шевронның» республикадағы қызметінің болашағы туралы баяндады.

«Біз «Шевронның» Қазақстандағы қызметін үнемі қадағалап отырамыз, сондықтан оның болашақтағы жобалары бізге жақсы таныс. Жалпы, Үкімет мұнай және газ министрлігі арқылы сіздердің біздің елдегі қызметтеріңізді қолайды», деді С. Ахметов.

Өз кезегінде, Д. Уотсон өткен 20 жылда компания басшылығы Қазақстан Үкіметімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орната білгенін, сондықтан да «Шеврон»-ның Қазақстандағы жұмысына мақтанышпен қарайтынын жеткізді.

«Осы жылы корпорация өз тарихында ғана емес, біздің ғаламдық жобалардың ішінде ең ірі күрделі жөндеу жүргізді. Біз бұл үшін қосымша 6500 жұмысшы тарттық. Негізінде барлық жұмыс қазақстандық қызметкерлер мен компаниялардың күшімен атқарылды. Бұл болашақта кен өндіру көлемін барынша көбейтуге мүмкіндік береді», - деді « Шевронның» басшысы.

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ҚР ҮкіметіМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту