Қызылорда облысында мұнай компаниясы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Т700 млн-нан аса айыппұл төледі

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 12:32

 «ҚазГерМұнай» компаниясы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Т700 млн-нан аса айыппұл төледі, деп хабарлады облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәз Бисен.

«Қызылорда облыстық экология департаментінің қаулысына сәйкес, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-інен мемлекеттің пайдасына әкімшілік айыппұл ретінде 654 млн 155 мың 426көлеміндегі соманы және ҚР әкімшілік кодексінің (ӘҚБК) 243 бабы бойынша 54 млн 016 мың 406көлеміндегі соманы өндіріп алу туралы шешім шығарылды», - деді Г. Бисен.

Тексерудің қорытындысы бойынша «Ақшабұлақ» және «Нұралы» кен орындарында табиғи газдың экологиялық рұқсатсыз пайдаланылып, алауларда өртелгені анықталды.

«Мұнайшыларға экологиялық заңнаманың талаптарын бұзу арқылы қоршаған ортаға эмиссия үшін жауап беруге тура келді», - деді Г. Бисен «ҚазГерМұнайдан» айыппұл толық көлемде өндіріп алынғанын хабарлай отырып. 

Қызылорда. 25 желтоқсан. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту