Conoco Phillips-тің Қашағандағы өз үлесін сатпақ ниетін акционерлер 2 айдың ішінде қарастырады, деп мәлімдеді ҚМГ

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 14:33
 Қашаған акционерлері, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) Conoco Phillips-тің Қашағандағы өз үлесін сатпақ ниетін 2 айдың ішінде қарастырады, деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев.

alt«Мұндағы жағдай осындай, ConocoPhillipsжобадан (Қашаған – ҚазТАГ) шыққысы келгендігін жариялады. Оған белгілі бір мерзімдері бар, 2 ай, сол аралықта Conoco Phillips өтінішіне қатысты ҚМГ өз пікірін мәлім етеді», - деді сейсенбі күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев.

Ондағы мәліметтер бойынша, компания серіктестеріне осындай ұсынысымен «қарашаның соңында – желтоқсанның басында» шықты.

«Серіктестерінде ол ұсынысты қарастыруға уақыты бар. Компания ол мәселені қарастыруда. Тек қана ҚМГ емес, барлық акционерлер де. Басқа компаниялардың да өз мүдделері болуы ықтимал», - деді ол.

«... Әзірге ҚМГ-ның қандай да шешімі туралы айту ерте», - деді М. Сәлімгереев.

Бұрын хабарланғандай, Conoco Phillips Қашаған жобасындағы өзінің 8,4% үлесін сатпақ ниетін жария етті.

2000-шы жылы табылған Қашаған кеніші соңғы 30 жылда ашылған ең үлкен мұнай кеніші болды. Мамандардың есебінше ондағы коммерциялық ресурстары 9-дан 13 млрд барр мұнай деп бағаланып отыр.

Қазіргі кезде Қашаған жобасына қатысушылар Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», олардыңүлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips (8,4%) және жапониялық Inpex (7,55%). Жобаны North Caspian Operating Company B.V.бірлескен операциялық компаниясы басқарады.
 

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту