Атырау облысында құбырдан 500 шаршы метр жерге мұнай төгілді

размер шрифта: Aa | Aa
21.12.2012 11:44
 Атырау облысының Исатай ауданында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің бірінде құбырдан мұнайдың төгілуі болды.

altТөтенше жағдай бейсенбі күні «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің мұнайы айдалатын мұнай құбырында орын алды. Металды ысырманың жарылуынан мұнай 500 шаршы метр аумаққа төгілді. Оның ағуы тоқтатылды.

 «Прокуратура органдары экология департаментіне әрекет ету актісін жолдады. Жерге төгілген мұнайдың көлемі есептелген соң, экологтар қоршаған ортаға келтірілген зиянды өндіріп алу шараларын қолға алатын болады. Сондай-ақ кінәлілерді тауып, әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет», - деді Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры Мақсат Ермеков.

АТЫРАУ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыОқиғаТөтенше оқиғаларапаттар
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту