Атырау мұнай өндеу зауытының бұрынғы директоры Талғат Байтазиев Батумидегі кәсіпорын басшысы болды

размер шрифта: Aa | Aa
21.12.2012 11:51
Талғат Байтазиев «Batumi Industrial Holdings Ltd.» компаниясының жаңа бас директоры болып тағайындалды.

2012 жылға дейін Т.Байтазиев «Атырау мұнай өндеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры лауазымын атқарып, одан өз еркімен қызметтен кеткен.

«Batumi Industrial Holdings Ltd» «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес кәсіпорны болып табылады. «Batumi Industrial Holdings Ltd» құрылымына Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз порты кіреді.

2012 жылдың 11 желтоқсанындағы жағдай бойынша Батуми мұнай терминалы 4 910 мың тонна сұйық көмірсутектерді тиеп, жылдық жоспарын мерзіміне дейін орындады. БМТ басшылығының бағалауынша, жылдың аяғына дейін мұнайды тиеу бойынша жоспар 107 пайызға орындалады.

Батуми теңіз порты да 2012 жылдың жоспарын асыра орындап, өз тарихындағы рекордтық көрсеткішке ие болды. Құрғақ жүктердің тиелуі 1 531 мың тоннаны құрады. Тиеудің күтілетін жылдық көлемі жоспардан 2 пайызға асты.

АТЫРАУ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Атырау облысыМұнай-газТағайындау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту