2012 жылы Жамбыл облысында 34 елді мекен газбен қамтылды

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 11:53
2012 жылы Жамбыл облысында 34 елді мекен газбен қамтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан.

Мерке, Тұрар Рысқұлов және Жуалы аудандарының 34 елді мекеніне газды жеткізу жүйелерінің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 1,44 млрд. теңге бөлінді.

2011 жылы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген 1,8 млрд. теңгеге Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарының 24 елді мекендеріне орташа қысыммен газ жеткізілді. Оның ұзындығы 111,4 шақырымды құрады. Ведомстводан хабарланғандай, облыста табиғи газды қолдану 12,5 пайызға жетті.

Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру кезінде 2012-2013 жылдары 58 елді мекенді немесе 35,2 пайызды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

ТАРАЗ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚоғамЖамбыл облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту