Жамбыл облысы: Мемлекет басшысына телекөпір барысында «Қордай-Шу» газ құбырының құрылысы бойынша жоба таныстырылады

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 11:56
Жамбыл облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» («ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы) компаниясы кестенің белгіленген уақытынан жарты жыл бұрын жоғары қысымды «Қордай-Шу» газ құбыры құрылысы жобасын жүзеге асыруды аяқтады.

Бүгін, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасына енген жобаларды таныстыру бойынша өтетін жалпыұлттық телекөпір барысында Жамбыл облысында жоғары қысымды Қордай-Шу» газ құбыры іске қосылады. Оның қуаттылығы жылына 462 млн. текше метрді құрайды. Жобаны құны шамамен 4 млрд. теңге.

Жоғары қысымды «Қордай-Шу» газ құбыры жобасын іске асыру арқылы Шу қаласы мен Төле би ауылының 33 мыңнан астам тұрғыны,  сондай-ақ 22 коммуналдық-тұрмыстық және 10 өнеркәсіптік кәсіпорындарды, 40 білім және денсаулық сақтау мекемелері тауарлы газбен қамтамасыз етіледі. 

Жаңа газ құбырын іске қосу Шу және Қордай аудандарының 32 елді мекенін (100 мыңнан астам тұрғыны бар) газбен әрі қарай жабдықтауға септігін тигізеді.

ТАРАЗ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газИнновациялық жобаЖамбыл облысыЖаңа индустрияландыру
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту