Жаңаөзенде 173 шақырымдық жылу магистральдары жаңғыртылды

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 11:59




Жаңаөзенде жалпы ұзындығы 173 шақырымдық қалалық жылу магистральдарының жаңғыртылуы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Жаңғырту мен қайта келтіру жұмыстарын «Маяк-Ақтау» ЖШС атқарды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен шамамен 8 млрд. теңге бөлінді.

Жылу жүйелері күрделі жөндеуден өткізу кезінде апатты жағдайда еді. Жылу жүйелері ауыстырылды. Қаражат толығымен игерілді. Мердігерлер өз қаржыларына жоспардан тыс бірқатар жұмыстарды атқарды.

«Енді «ӨзенЖылу» МКК энергиясының жеткізушісі қаражат пен шикізатты үнемдейтін болды. Соңғы жылдары кәсіпорын шығынға батып келді. Шикізаттың басым бөлігі - электр энергиясы мен газ зая кетті десе де болады. Оның үстіне газ кеміген жағдайлар да орын алып тұрды. Жылу жүйесін жаңғыртудан кейін біз жабдықты толық қуаттылыққа шығардық, соның нәтижесінде энерготұтыну азайды. Осы шаралардан кейін кәсіпорын кіріске қол жеткізді», - дейді Маңғыстау энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Оспан Еңсенбенов.

АҚТАУ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Маңғыстау облысыЭнергетика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту