«ҚазМұнайГаз» 2022 жылы мұнайгаз саласындағы әлемдік 30 ірі компанияның қатарына кіруді жоспарлауда

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 12:01
"ҚазМұнайГаз" компаниясы 2022 жылы мұнай өндіруді 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздеуде.

Бұл туралы бүгін компанияның қызметі мен дамуына арналған брифингте "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев мәлім етті.

"ҚМГ 2022 жылы мұнау мен газ конденсатының қорын бір миллиард тоннаға ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл 1,8 есеге артады деген сөз. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 34,5 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл қазіргіден 1,6 есеге жоғары. Сонымен қатар көмірсутек қорының ұлғайтылуы көзделуде", - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында бұрғылаудың тиімді технологияларын енгізуді, жаңа кен орындарын ашу арқылы мұнай мен газ өндіру көрсеткіштерін жоғарылатуды көздеп отыр.  

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»ӨнеркәсіпМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту