Қазақстан Қор биржасында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары саудалана бастады

размер шрифта: Aa | Aa
25.12.2012 12:09
2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Қор биржасының сауда залында

«Халықтық  IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қор нарығына шығарылған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларын қайталама нарықта  саудалау басталды. Іс-шараны «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан Қор биржасы» АҚ (KASE) бірлесіп ұйымдастырды.

Журналистерге арналған баспасөз брифингі барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акциясын «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде орналастырудың қорытындылары таныстырылды. Осыдан кейін залда орналастырылған мониторларға KASE сауда ақпаратын тікелей трансляциялау арқылы компания акцияларының саудалануы басталды.

Акциялардың бастапқы орналастырылымы кезінде өтініш бермеген инвесторлар, сондай-ақ, акцияларға жазылу нәтижесі бойынша есептесу кезінде түскен акция көлемінен бірнеше есе көп бағалы қағазды иеленгісі келген акционерлер бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы сауда барысында «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып ала алады. Қайталама нарықта компания акцияларын қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестор болып табылатын жеке және заңды тұлғалар сатып ала алады.

Осыған дейін, яғни  2012 жылдың  21 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Халықтық  IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына  орналастырылған  қарапайым акцияларына жазылудың қорытындысы бойынша есептесулер аяқталды. Есептесулердің қорытындысы бойынша орналастырылған акциялардың 79,1%-ы жеке инвесторлардың (Қазақстан Республикасының азаматтары) шотына, 20,4%-ы жинақтаушы зейнетақы қорларының шотына,  0,5%-ы маркет-мейкердің шотына аударылды.

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЖолдауӨнеркәсіпҚоғамҚор рыногыҚаржы нарығыМұнай-газБағалы қағаздар рыногы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту