«Теңізшевройл» өндіріліп жатқан мұнайдың игілігін халық қашан көреді деген сұраққа жауап беруге дайын болуы керек - Қырымбек Көшербаев

размер шрифта: Aa | Aa
27.12.2012 12:13
Сәрсенбі күні жұмыс сапарымен Атырау облысына барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік саясатын сынға алды.

ТШО бас директорының орынбасары Әнуарбек Жәкішевтің ақпаратын тыңдай келе, вице-министр сұрақты төтесінен қойды:

«Үкіметте келесі мәселелер көтеріледі: ТШО Теңіз кенішінде жұмыс істесе біз қандай өндірістік қана емес, сондай-ақ әлеуметтік пайда ала аламыз? Салық салынатын базаны қалай кеңейтсек? Жаңа жұмыс орындарын қалай құрамыз? Әлеуметтік мәселелер қалай шешілетін болады?»

Қ. Көшербаевтың сөзіне қарағанда, кенді пайдалану келісімін ұзарту уақыты келгенде атқарылған істерге тексеріс жүргізіледі.

«Біз сіздердің миллиондаған баррель мұнай өндіріп жатқандарыңызды түсінеміз. Дегенмен бұл - халықтың байлығы. Халық: «біз байлықтың арасында тұрып жатырмыз, алайда одан қашан пайда көретін кез келеді?» деген сұрақ қояды. Сондықтан да сіздер осы сұраққа жауап беруге дайын болуларыңыз керек», - деді Қ. Көшербаев.

АТЫРАУ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту