Батыс Қазақстанда тағы бір ауыл газдандырылды

размер шрифта: Aa | Aa
28.12.2012 12:15
Сырым ауданы Елтай ауылдық округі тұрғындары енді «көгілдір отынның» қызығын көретін болады.

Елтай ауылдық округінде 90 үй түтін түтетіп отыр.Осы шаңырақ иелері енді қи жағып, күл шығарудан қолдары босайтын болды. Округтегі тұрғындарға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Бөрлі ауданындағы қызметкерлері «көгілдір отын» қосудың бастамашылары бола білді. Аталмыш мекеме ұжымы округтегі 22 отбасыға көгілдір отын қосып қуантса, олардың арасында ауылдағы еңбек ардагерлері Т.Ғабдуллин, Е.Дәрібаевтың отбасылары, сондай-ақ 50 пайыздық жеңілдікке ие болған I-II топтың мүгедектері (үш отбасы) бар. Ауылдық округте жалпы 51 отбасы үйлеріне газ өткізуге құжаттарын әзірлеп, ниеттеніп отыр.

Ауыл тұрғындары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және «Нұржан» ЖШС-нің газ өткізудегі белсенділіктеріне ризашылықтарын білдіруде.

ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Ауылдық аумақтарды дамытуҚоғамМұнай-газБатыс Қазақстан облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту