«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Батыс-Қазақстан облысындағы газ өңдеу зауыты» жобасының техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

размер шрифта: Aa | Aa
29.12.2012 12:09
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Батыс-Қазақстан облысындағы газ өңдеу зауыты» жобасының  техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, делінген ҚМГ баспасөз қызметі таратқан хабарда.

«Батыс-Қазақстан облысындағы газ өңдеу зауыты» жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен «Эни» итальяндық компаниясымен бірлесе отырып, 2009 жыл 5 қараша күні жасасқан Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаны басқаруды жүзеге асыратын «ҚМГ Салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100%-дық еншілес компаниясы.

Келесі кезең – 2013-2014 жылдарға болжамдалған жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу кезеңі, қазақстандық  жобалау мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылатын болады, оларды таңдау 2013 жыл қаңтар айының соңына дейін аяқталады.

«Кәсіпорын ауданды және Қазақстанның бүкіл мұнай-газ саласын дамытуында  үлкен мәнге ие болады. Құрылыс кезеңінде 3500 адам жұмысқа тартылатын болады, бұл аудан халқының жұмыспен қамтамасыз етілуіне елеулі үлес болады. Пайдалану кезеңінде қызметкерлер саны 700 адам құрайды»-деп, ҚМГ салынатын кәсіпорындар дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаев хабарлайды.

Қуаты жылына 5 млрд м3 болатын газ өңдеу зауыты, Қарашығанақ кен орнында шығарылатын күкіртті ілеспе көмірсутекті газды өңдейтін болады.

Газ өңдеу зауыты құрылысы жобасының басты мақсаты болып – қазақстандық тұтынушылар үшін тауарлы газды өндіру және өз қорларымыздан газбен қамтамасыз етудің сенімділік деңгейін арттыру. ҚР солтүстік аудандары, Астана қаласы, Ақмола облысын тауарлы газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ газды сыртқы нарыққа шығару мүмкіндігі.

Газ өңдеу зауытының бірінші кезегі құрылысын жүзеге асыруының жоспарлы мерзімі 2014-2019 жылдар аралығы, екінші кезек 2021-2023 жылдар.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында айтылған, мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда, деп көрсетілген компания баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ

Ключевые слова: ҚазМұнайГаз
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту