Қазақстан 2012 жылдың 11 айында $52,2 млрд сомаға мұнай экспорттады

размер шрифта: Aa | Aa
03.01.2013 18:02
 Қазақстан 2012 жылдың қаңтар-қарашасында шикі мұнай мен газ конденсатының экспорты $52,2 млрд сомаға 62,9 млн тонна болып, ол 2011 жылғы сәйкес аралықпен салыстырғанда сан жағынан 1,1% аз, құны жағынан 3,9% -ға артық болды, деп ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінен (КБК) хабарлады.

КБК сайтында жарияланған мәліметтерде көрсетілгендей, Қазақстан мұнайының ірі сатып алушылары: Италия – 16,4 млн тонна, $13,7 млрд-қа, Қытай – 9,2 млн тонна $7,5 млрд, Нидерланды – 7,4 млн тонна $6,2 млрд, Франция – 5,9 млн тонна $5,1 млрд, Австрия – 5,9 млн тонна $4,6 млрд, Румыния – 3,5 млн тонна $2,7 млрд, Канада – 3,2 млн $2,9 млрд, Швейцария – 2,4 млн тонна $1,9 млрд сомаға сатып алыпты. 

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту