"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өз акцияларын кері сатып алғаны туралы хабарлады

размер шрифта: Aa | Aa
04.01.2013 13:25
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ  өз акцияларын кері сатып алғаны туралы хабарлады, делінген Қазақстан қор биржасының хабарында (KASE).

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ" ) 2013 жылдың 31желтоқсаны күні ҚМГ БӨ акцияларын кері сатып алу бағдарламасы аяқталды. 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында барлығы 14 386 605 ЖДҚ және 19 461 жай акцияларды сатып алғанын хабарлайды», - делінген бейсенбі күні KASEсайтында жарияланған хабарда.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 7% төмендеп, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 225,81 млн. тоннаны (1,66 млрд. баррелді) құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 

Алматы. 3 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту