ҚМГ БӨ өз акцияларын кері сатып алуға $263 млн жұмсады

размер шрифта: Aa | Aa
04.01.2013 14:19
 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ)  $263 млнжалпы сомаға өз акцияларын кері сатып алу бағдарламасын аяқтады, делінген компанияның ақпаратында.

«Компания 2011 жылдың 11 қазанында басталған аталған бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде барлығы 14 386 605 ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар - ҚазТАГ) және 19 461 жай акцияларды сатып алды. Бағдарламаны іске асырудың кезеңінде жай акциялар мен ЖДҚ сатып алуға нақты жұмсалған соманың көлемі $263 млн құрады», - делінген жұма күні таратылған баспасөз хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылдың 31 желтоқсанында ҚМГ БӨ акцияларын кері сатып алу бағдарламасының аяқталды. Компания 2011 жылдың 11 қазанында басталған аталған бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде барлығы 14 386 605 ЖДҚ және 19 461 жай акцияларды сатып алды.

Еске сала кетейік, директорлар кеңесi барлығы $300 млн-ға дейiн жай акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) сатып алуды бекітті.

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша бірінші үштікке кіреді. «Қазгермұнай» және CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерін есептегенде, компанияның мұнай өндіру көлемі 2011 жылы 7%-ға азайып, 12,3 млн тоннаны құрады. 2011 жылдың соңында ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорының көлемі 225,81 млн тоннаны (1,66 млрд баррель) құрады.

Алматы. 4 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту