Қазақстандық инвестор британиялық Roxi Petroleum компаниясының акцияларының 37,5%-ын $40 млн-ға сатып алады

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2013 12:23
Қазақстандық инвестор Қайрат Сатылғанов Roxi Petroleum Plc компаниясының қарапайым акцияларының 37,5%-ын $40 млн-ға сатып алады, деп көрсетілген британиялық мұнайгаз компаниясының таратқан хабарында.

Құжатта айтылғандай, Қазақстанда жұмыс жасайтын Roxi Petroleum Plc мұнайгаз компаниясы өзінің акцияларының жаңа эмиссиясынан $40 млн алатын болды.

«Қайрат Сатылғанов, қазақстандық инвестор, Roxi компаниясының жаңа шығарылған 355 165 716 дана акцияларын акция үшін шамамен 7 пенс бағамен сатып алуға келісті. Ал бұл ретте 2013 жылғы 7 қаңтарға акциялар бағасы 2,125 пенс тұғын», - деп хабарлайды компания.

Қайрат Сатылғановтың 355 165 716 дана қарапайым акцияларға салған инвестиция мөлшері  Roxi компаниясының жаңа шығарылған қарапайым акцияларының 37,5% көлемін құрайды. Алғашқы $10 млн 2013 жылы 31 қаңтарда Қ. Сатылғановтың пайдасына Roxi компаниясының жаңадан шығарылатын 88 791 429 акцияларына алмас ретінде төленеді. Ол компанияның қазіргі капиталының  14,57% және қазіргі эмиссияның нәтижесінде пайда болатын келешектегі капиталының 12,71%.

Қалған $30 млн жаңа 266 374 287 дана акцияларға алмас ретінде төленеді. Бұл акциялар компания активтерімен 2013 жылы 3 ұңғы бұрғылайтын «BNG» ЖШС жұмыс бағдарламасын қаржыландыру үшін шығарылғанды.

Компания мәліметтерінше, Қ. Сатылғанов бұрындары екі қазақстандық банк – Халық банкі мен АТФБанктің, сондай-ақ қазақстандық  Almex инвестициялық компаниясының басшысы болған.

Акцияларға жазылу туралы келісім аясында Қ. Сатылғанов Roxi басқармасына кіреді.

Қазірге Roxi Petroleum үлесі төрт мұнайгаз компаниясында бар. Roxi-дің «BNG» ЖШС-тегі үлесі 58,41%, «Галаз» ЖШС-те - 34,22%, «Мұнайлы» ЖШС - 58,41%, «Бейбарс» - 50%.

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту