Қырғызстанда Қазақстан жағынан тартылған астыртын мұнай құбыры табылды

размер шрифта: Aa | Aa
15.01.2013 10:33
Қырғызстанда Шу облысында Қазақстан аумағынан тартылған астыртын мұнай құбыры табылды, деп хабарлады ҚырТАГ.

«13 қаңтарда Шу облысында Шу шекара отрядының «Токмок» шекара заставасының учаскесінде астыртын мұнай құбыры табылды, онымен Қазақстан Республикасының аумағынан Шу өзені арқылы Қырғызстан аумағына контрабандалық дизель отыны айдалған», -  делінген дүйсенбі күні Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің бұқарамен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің ақпаратында.

Құбырдың ұзындығы 400 м болған.

Шекарашылар құбырды алып шығу шараларын жүргізген. Қажет құжаттар рәсімделгеннен кейін құбыр тиісті органдарға берілді. 

Бішкек. 14 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту