Қызылордада ірі мұнай компаниясы мемлекет пайдасына 42 млн. теңге айыппұл төледі

размер шрифта: Aa | Aa
14.01.2013 12:24
Қызылордада «CNPC Ай Дан Мұнай» компаниясынан заң талабын бұзғаны үшін қомақты көлемде қаржы өндірілді. Бұл туралы облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш мұнай мекемесі мемлекет пайдасына өсімпұл ретінде 34 549 177 теңге, баж салығы ретінде 7 555 700 теңге төлеуге тиіс болатын. Бүгінгі күні борышкер тарапынан аталған сома толықтай мемлекет пайдасына өндірілді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Қызылорда облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту