Алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады

размер шрифта: Aa | Aa
15.01.2013 12:26
Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» сайтында хабарланған.
alt

Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Қиыновтың айтуынша, алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады. Ал Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Ел мұнайшылары бұл көрсеткішті одан арғы жылдары тағы 51 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, құрлық пен теңізде геологиялық барлау жұмыстары күшейтіледі. Мұнай және газ тасымалдаудың икемді тәсілі таңдалады. Осылайша, стартегиялық маңызы зор салада бірқатар ауқымды шаралар қолға алынғалы отыр.

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту