БҚО-дағы компания Молдоваға мұнайды мұнай қалдықтары түрінде экспорттаған - прокуратура

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2013 15:37
Батыс Қазақстан облысында (БҚО) тіркелген «МеркурСтройСервис» ЖШС Молдоваға мұнайды мұнай қалдықтары түрінде экспорттаған, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

««МеркурСтройСервис» ЖШС-інің декларациясына сәйкес, кәсіпорын Acropetrol S.A. (Молдова Республикасы) компаниясының атына 383 961 кг көлемінде мұнай немесе мұнай өнімдерін өңдеу қалдықтарын экспорттаған. Сонымен бірге, біз тағайындаған экспертизаның нәтижесі зерттеуге берілген заттың МҚҚ (мұнай қалдықтарының қоспасы – ҚазТАГ) емес, мұнай болып табылатынын көрсетті», - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратов сәрсенбі күні.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, тауардың жарияланған және іс жүзіндегі бағасының арасындағы айырмашылық Т28 млн-нан асқан.

«ҚР ҚК 209 б. 2 б. «г» т. «экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді М. Мырзамұратов.

Ақтөбе. 16 қаңтар. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту