Қазақстанда жанар-жағармай сапасына жасалған тексерістердің жартысында заңбұзушылықтар анықталды

размер шрифта: Aa | Aa
18.01.2013 12:29
 Қазақстанда жанар-жағармай сапасына жасалған тексерістердің жартысында заңбұзушылықтар анықталды.

Бұл туралы бүгін  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлім етті.

«Жалпы 2012 жылы мұнай өнімдерін сататын 227 кәсіпорында тексеріс жүргізілді. Бұзушылықтар 115 оқиғада (50,6%) анықталды. Нәтижесінде 294 млн. теңге болатын жанар-жағармайдың 220 партиясына тыйым салынды, кәсіпорындар 10 млн. теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап көрсетті Р.Сәтбаев.

Оның айтуынша, Астанада жанармай сапасына қатысты заңбұзушылықтар «Асқар Мұнай Трейд» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, сонымен қатар Алматыдағы «Аррована» ЖШС-ке қарасты «Энерджи» жанармай құю стансасында анықталған.

«Мұнай өнімдерін сату барысында сәйкестендіру сертификатынсыз сату, таңбалау талаптарын орындамау, тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдалану сынды бұзушылықтар жиі кездеседі», - дейді комитет басшысы.   

 АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіЖанар-жағар май
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту