«ҚазМұнайГаз» БӨ бас кеңсесін Астанадан Ақтауға көшіруді жоспарлап отыр

размер шрифта: Aa | Aa
18.01.2013 17:17
 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» мұнай компаниясының бас кеңсесі Астанадан Ақтауға көшуді жоспарлап отыр, деп хабарлады агенттікке ҚМГ БӨ әкімшілік департаментінен.

«Бұрын да мұндай жоспар болған... ҚМГ БӨ-нің негізгі активтерінің Маңғыстау облысында орналасқанына негізделіп отыр», - деді агенттікке департамент өкілі.

Департамент қызметкері басшылықтың бұл шешімді қашан қабылдағанын айтқан жоқ.

Үкіметке жақын дереккөздің мәліметтеріне сәйкес, бас кеңсені көшіру «ең алдымен, БӨ экс-басшысы Алик Айдарбаевтың мұнайлы өңірдің әкімі болып сайлануына байланысты».

Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні ҚР премьер-министрі Серік Ахметов А. Айдарбаевты Маңғыстау облысының әкімі ретінде таныстырды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «еншілесі» - 2004 жылдың наурызында ұлттық компанияға қарайтын «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіруші компанияларды біріктіру арқылы құрылған.

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша бірінші үштікке кіреді. Оның жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында листингке енгізілген, ал қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасының листингіне кіреді.

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту