ҚМГ БӨ акционерлері бас кеңсесін Астанадан Ақтауға көшіру мәселесін қарастырған жоқ

размер шрифта: Aa | Aa
21.01.2013 10:35


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) мұнай компаниясының акционерлері бас кеңсесін Астанадан Ақтауға көшіру мәселесін қарастырған жоқ, делінген компания таратқан хабарда.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру» АҚ орталық аппаратын (ҚМГ БӨ, Компания) Ақтау қаласына көшіру ықтималдығы туралы ақпараттардың пайда болуына байланысты, Компания кеңсесін көшіру туралы шешімнің ҚМГ БӨ акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру нәтижесі бойынша қабылдануы мүмкін екендігін хабарлауды қажет деп есептейміз. Қазіргі уақытта кеңсені көшіру туралы мәселе акционерлердің қарауына шығарылған жоқ», - делінген жұма күні таратылған ақпараттық хабарда.

Бұрындары хабарланғандай, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» мұнай компаниясының бас кеңсесі Астанадан Ақтауға көшуді жоспарлап отыр.

«Бұрын да мұндай жоспар болған... ҚМГ БӨ-нің негізгі активтерінің Маңғыстау облысында орналасқанына негізделіп отыр», - деді агенттікке ҚМГ БӨ әкімшілік департамент өкілі.

Үкіметке жақын дереккөздің мәліметтері бойынша, бас кеңсені көшіру «ең алдымен, БӨ экс-басшысы Алик Айдарбаевтың мұнайлы өңірдің әкімі болып сайлануына байланысты».

Еске салсақ, жұма күні ҚР премьер-министрі Серік Ахметов А. Айдарбаевты Маңғыстау облысының әкімі ретінде таныстырды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «еншілесі» - 2004 жылдың наурызында ұлттық компанияға қарайтын «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіруші компанияларды біріктіру арқылы құрылған.

ҚМГ БӨ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 7% төмендеп, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 225,81 млн. тоннаны (1,66 млрд. баррелді) құрайды. 


Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ 




PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту