Ақтөбе облысының қажеттілігі үшін төмендетілген бағамен тауарлы мұнай газы жеткізілетін болады - ҚР-ғы CNPC басшысы Лю Гунсюн

размер шрифта: Aa | Aa
21.01.2013 14:15
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен аптаның соңында ҚР-ғы CNPC президенті Лю Гунсюн мырзамен кездесті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысы Лю Гунсюн мырзаны осы лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Архимед Мұхамбетов компания іске асыратын инвестициялық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ бұл тұрғыда Жаңажол газ қайта өңдеу зауытының үшінші кезегінің құрылысын ерекше атап өтті. 

Лю Гунсюн мырза өз кезегінде өңір әкіміне мәлім еткендей, атқарылып жатқан бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады. Халықтың және облыс экономикасының қажеттілігі үшін төмендетілген бағамен тауарлы мұнай газы жеткізілетін болады. Мәдениет, білім, бұқаралық және кәсіби спорт, денсаулық сақтау салаларына, елді мекендерді абаттандыруға және басқа әлеуметтік маңыздағы мақсаттарға қаражат бөлінетін болады.

АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Ақтөбе облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту