ҚМГ БӨ 2012 жылы мұнай өндіру көлемін 1% төмендетті

размер шрифта: Aa | Aa
22.01.2013 17:09

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ»),2012 жылы мұнай өндіру көлемін 1% төмендетіп, 12,19 млн тонна мұнай өндірді, деп көрсетілген компнаия таратқан хабарда.

alt«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («CCEL»), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді  қоса есептегенде, 2012 жылы 12 191 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға, немесе 1 %-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ)  4 950  мың тонна (тәулігіне 100 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 131 мың тоннаға кем. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2  816  мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз.  ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі  7 766 мың тоннаны құрады  (тәулігіне 156 мың баррель).

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2012 жылы 4 425 мың тоннаны (тәулігіне 90 мың баррель) құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда  еш өзгеріссіз,аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес келеді.  

2012 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 6 091 мың тоннаны (тәулігіне 122 мың баррель), ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 646 мың тоннаны (тәулігіне 33 мың баррель)  құрады. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сатуда  ҚМГ БӨ үлесі компанияның жалпы сату көлемінің 78%-ын құрайтын, экспортқа қойылған 3 428  мың  тонна мұнайды (тәулігіне 71 мың баррель) қоса есептегенде, 4 410 мың тоннаны (тәулігіне 92 мың баррель) құрады.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2012 жылы 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 247 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.


Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту