«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өткен жылы 12 191 мың тонна мұнай өндірді

размер шрифта: Aa | Aa
22.01.2013 15:08
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL», «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді қоса есептегенде, 2012 жылы 12 191 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға, немесе 1 пайызға кем, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

alt«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 950 мың тонна (тәулігіне 100 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 131 мың тоннаға аз. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 816 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз. ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 7 766 мың тоннаны құрады (тәулігіне 156 мың баррель).

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2012 жылы 4 425 мың тоннаны (тәулігіне 90 мың баррель) құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз, аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес келеді.

2012 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 6 091 мың (тәулігіне 122 мың баррель), ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 646 мың тоннаға (тәулігіне 33 мың баррель) жетті. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сатуда ҚМГ БӨ үлесі компанияның жалпы сату көлемінің 78%-ын құрайтын, экспортқа қойылған 3 428 мың тонна мұнайды (тәулігіне 71 мың баррель) қоса есептегенде, 4 410 мың тоннаны (тәулігіне 92 мың баррель) құрады.

 Басты сөздер: «ҚазМұнайГаз»

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту