ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі жаңа бас директорды сайлады

размер шрифта: Aa | Aa
23.01.2013 17:49

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің шешімі бойынша ҚМГ БӨ (Бас директоры) Басқарма төрағасы болып бұған дейін бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Абат Нұрсейітовтің сайланғанын хабарлайды, делінген компания баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Ол Маңғыстау облысы әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты өкілеттігін тапсырған Алик Айдарбаевтың орнына келді.

Компания жаңа басшысы ҚМГ БӨ алдында тұрған негізгі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді ұстанатынын қуаттады, сондай-ақ бұған дейін басталған өндірісті жаңғырту жобаларын іске асыруды жалғастыратынын айтты.

Абат Нұрсейітов. 2012 жылдың қаңтары айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Компания бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Компанияда 2006 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Соңғы тағайындауға дейін өндіріс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнайгаз секторында 1986 жылдан бері жұмыс істейді, еңбек жолын мұнай және газ өндіру операторлығынан бастап «Жетібаймұнай» МГӨЦ бастығы қызметіне дейін көтерілді, Қазақмұнай ғылыми зерттеу жобалық институтында, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» қазақстандық филиалында әр түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Қазақстан мұнайының 100 жылдығы және 110 жылдығы медалдарымен марапатталған.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2012 жылы 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 247 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

Астана, 23 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту