«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылы уран өндірісін 7,4%-ға арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
24.01.2013 11:15


2012 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 20,9 мың тонна уран өндіріліп, барлық жоспарлық көрсеткіштер толығымен орындалды.

Қазақстан Республикасы алдын ала мәліметтер бойынша 55,7 мың тонна уранды құрайтын бүкіләлемдік уран өндірісінің 37% қамтамасыз ете отырып, уран өндірісі саласындағы өзінің көшбасшылық шебін сақтап қалды, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.  

alt«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді кәсіпорындардағы қатысу үлесін қоса есептегенде 2012 жылы 11,9 мың тонна уран өндірді, бұл бүкіләлемдік өндірістің 20%-дан астамына тең. Қазатомөнеркәсіптің келісім-шарттар бойынша экспорт көлемі 9,26 мың тонна уран концентратын құрады. 

Тантал өнімдерін өндіру көлемі 213 тоннаға, ниобий 43 тоннаға, бериллий 2526 тоннаға жетті.

Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы тұрғындары үшін 3 875 463 мың кВт/сағат электр энергиясы, 3 058 535 ГКал жылу энергиясы, 38 518 мың текше метр су, соның ішінде 10 802 мың текше метр ауыз су өндірілді. 

2012 жылы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары сатып алған тауар, жұмыс және қызметтердегі қазақстандық мазмұнның үлесі 60%-дан асып кетті.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылы әлемдік уран нарығында иелеп тұрған шептерін сақтауды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ базасында реакторға дейінгі отын циклындағы қызметі әртараптандырылған трансұлттық компания құруды көздейтін қолданыстағы «Даму стратегиясына» сәйкес жұмысын жалғастырды. 

Геологиялық барлау және уран өндіру:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылы уранның ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған Қазақстан Респубикасы аумағындағы іздестіру-барлау жұмыстарын одан әрі дамытты. Есепті жылда 2 000-нан астам барлау ұңғымалары бұрғыланды немесе 1 010 000 метрден астам барлау бұрғылау жұмыстары атқарылды. 

2012 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауыты өндірістік қуаттарға шықты. Зауыт 2012 жылы 98 мың тонна күкірт қышқылын өндірді. 

Ядролық отын циклы:

Конверсиялық бизнеске кіру жобасын іске асыру аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және канадалық Cameco Corporation компаниясы 2012 жылғы қыркүйекте «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ базасында Cameco технологиясы бойынша уранды қайта өңдеуге тиісті бірлескен қуаттарды қарастыратын «Уағдаластық туралы меморандумға» қол қойды.  

2012 жылғы қарашада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ТВЭЛ» ААҚ «Уран байыту орталығы» жобасының балама нұсқасын іске асыру үшін қажетті заңдық-міндеттеуші құжаттарға қол жеткізді. Жобаның нақты іске асуы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына межеленіп отыр. 

Қазақстан Республикасы аумағында ядролық отын өндірісін жобалау бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен француздың AREVA компаниясының бірлесе атқарар жұмыстары да жалғасын тапты.  

Сирек-жер металдар және сирек металдар саласы:

2012 жылғы қараша айында «Summit Atom Rare Earth Company» (SARECO)қазақстан-жапон бірлескен кәсіпорны құрған сирек металдардың ұжымдық концентраттарының жаңа өнеркәсіптік кешені іске қосылды.  

Жаңғырмалы энергетика:

2012 жылы «KAZ PV Қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлі модульдер өндірісін құру» жобасы белсенді дамыды. Жыл бойы Алматы облысындағы Үштөбе кентінде кварц өндіру жолға қойылып, металлургиялық кварц өндірісі қайта жаңғырды. 2012 жылдың желтоқсанында Астана қаласында мемлекет басшысының қатысуымен фотовольтаикалық модульдер шығаратын зауыт ашылды. 

Корпоративті басқару:

2012 жылы KPMG компаниясы өткізген корпоративті басқаруды диагностикалау нәтижелері бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ рейтингі 70,4% құрады, бұл «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялар бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Қазатомөнеркәсіптің марапаттары

2012 жылғы желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Инновациялық серпін» категориясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сыйлығына ие болды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Инновация көшбасшысы» атанды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ –уранның және оның қоспаларын, сирек металдардың, атом электр станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтардың, технологиялардың және қос мақсатты материалдардың  экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары: уранды геологиялық барлау мен өндіру; ядролық отын циклының өнімдерін шығару; реакторлар құрылысы, атом электр станцияларының құрылысы; түсті металлургия және конструкциялық материалдарды шығару; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрларды даярлау. Бүгінгі күні компанияда 24 мыңнан аса адам қызмет етеді. «Қазамтоөнеркәсіп» әлемдегі уран өндіруші алдыңғы қатарлы компаниялардың қатарына кіреді.



Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту