Биыл «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысы басталады

размер шрифта: Aa | Aa
23.01.2013 17:20
Ағымдағы жылы «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысы басталуы керек.

Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке осындай тапсырма жүктеді.  

«Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарының дамуына байланысты газ өндіру артады. Сондықтан да Қазақстанды көгілдір отырмен қамтамасыз ететін газ құбыры магистралінің құрылысын жеделдету маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Елбасы «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ө.Шөкеевке қолда бар қаржы есебінен «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбыры құрылысының ағымдағы жылы басталуын қатамасыз етуді тапсырды.

«Бұл біздің еліміздің көптеген елді мекендер үшін үлкен оқиға болады. Біз мұнай мен газға бай елміз әрі өзімізді газбен қамтамасыз ете аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ключевые слова: «Самұрық Қазына» ҰӘҚМұнай-газҚазақстан ПрезидентіҚазақстан- 2050 Стратегиясы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту