«KAZENERGY» Қауымдастығына мүше компанияларда жаңа басшылар тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
25.01.2013 17:45


«KAZENERGY» Қауымдастығына мүше компанияларда жаңа басшылар тағайындалды.

«ЭксонМобил Казахстан Инк» компаниясының Басқарма директоры болып Бруно Жардэн тағайындалды. Ол Қазақстанда жұмыс істегеніне үшінші жыл болды, 2010 жылдың қазан айынан бастап «ЭксонМобил Девелопмент» жобасы бойынша Аға менеджер қызметін атқарған. 
Мұнайгаз саласында 30 жыл жұмыс жасаған Бруно Жардэн «Эссо» компаниясының Франциядағы филиалында, сондай-ақ «ЭксонМобил» корпорациясында мұнайды барлау, ондіру саласында түрлі қызмет атқарған. 
1980 жылы «Ecole Nationale des Ponts et Chaussees» халықаралық менджмент мектебін тәмамдап, жобалау және құрылыс саласының магистрі атанды. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша бас директор (Басқарма төрағасы) болып Абат Нұрсейітов сайланды. 
Абат Нұрсейітов мұнайгаз саласында 1986 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын мұнайгаз өндіру операторлығынан бастады. «Жетібаймұнай», «Тқрғай-Петролеум», «Лукойл Оверсиз Сервис» қазақстандық филиалында әр түрлі басшылық қызметтеді атқарды. 
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ -на 2006 жылы келді. Сонғы уақытта Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары болды. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

«KAZENERGY» Қауымдастығы Бруно Жардэнді және Абат Нұрсейітовты жоғары лауазымдарымен құттықтай отырып, жаңа жұмыстарында үлкен табыс пен жетістіктер тілейді! 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту