«Тобыл - Көкшетау - Астана» газ құбырын қаржыландыру мәселесін шешу керек - С. Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2013 16:36
 Бүгінде «Тобыл - Көкшетау - Астана» газ құбырының  техникалық жоспары даяр, енді осы жобаны қаржыландыру мәселесін шешу керек.  Бұл туралы бүгін ҚР мұнай-газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

altМинистрдің сөзіне қарағанда, аталған газ құбырымен Солтүстік өңірлерге Қарашығанақтың газы жеткізілетін болады. «Ал, енді қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, бұл аса маңызды жобалардың бірі. Оған қатысты бір мәселе туындап тұр. Бас кезінде «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» қоры бірлесіп қаржыландырады деп айтылған. Қазір нақты кімнің қаржыландыратынын анықтап алуымыз керек. Соны тезірек шешкен дұрыс»,-деп атап көрсетті С. Мыңбаев.

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту