Елімізде былтыр 79,2 млн. тонна мұнай мен газ өндіріліп, 68 млн. тоннадан астамын экспорттады - Мұнай және газ министрлігі

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2013 16:37
 Қазақстан 2012 жылы 68 млн тоннадан аса мұнай мен газ конденсатын экспорттады. Бұл туралы  Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісі барысында мәлім болды.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 68,616 млн. тоннаны құраған. Атап айтқанда, Атырау-Самара бағытымен 15,4 млн тонна, ОГӨЗ (конденсат) бағытында 0,838 млн тонна, Каспий құбыры консорциумының мұнай құбырымен 27,9 млн тонна, Атасу-Алашаңқай 10,4 млн тонна, Ақтау теңіз айлағына 7,06 млн тонна, темір жолмен 6,97 млн тонна экспортталған.

Бұдан бөлек, 2012 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 79,2 млн тоннаны құрады.

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту