Ресейге мұнай тасымалдаған кезде, ел мүддесін барынша ескеру керек - Премьер-Министр

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2013 16:41
Бүгін ҚР мұнай-газ министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов Қазақстан мен Ресей арасында мұнай өнімдерін тасымалдау мәселесін реттеп алуды тапсырды.

Отырыс барысында министр Сауат Мыңбаев атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстан мен Ресейдегі мұнай өнімдерінің бағасы екі түрлі болғандықтан ол шикізат тасымалдау барысында көптеген шығындар болып жатады. «Сондықтан бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін біз осы мәселені реттеп, тиісті келіссөздерді аяқтап алуымыз қажет. Осы орайда Қазақстанның мүддесін барынша қорғау керек»,-деді Премьер-Министр Серік Ахметов.

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігіҚР Премьер-МинистріҚазақстан және Ресей
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту