Атыраудың мұнай өңдеу зауытында тілсіз жаумен күресу жалғасуда

размер шрифта: Aa | Aa
29.01.2013 14:59
 Атырау мұнай өңдеу зауытында бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де өрт басталған болатын. Жалынды ауыздықтау әлі де жалғасуда.

АМӨЗ-ның аумағына зауыттың және облыстық өрт сөндіру қызметтерінің бригадалары тартылған. Зауытта теміржол бойынша цистерналармен келетін шикі мұнайды қабылдау тоқтатылды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт басталмас бұрын мұнайды алғашқы өңдеу цехінде  тарс еткен дыбыс естілді. Кәсіпорынның баспасөз қызметі қандай да бір ақпаратты беруден бас тартып отыр.

АТЫРАУ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту