Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық процесс бұзылған болуы мүмкін - ТЖД

размер шрифта: Aa | Aa
29.01.2013 18:02
 Бүгін АМӨЗ-да болған өртке  технологиялық процестің бұзылуы себеп болуы мүмкін деп болжануда, деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Өртті сөндіруге негізгі өрт сөндіру техникасының 5 бірлігі, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 17 адамы мен зауыттағы негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасының 9 бірлігі қатысты. Жалын 30 шаршы метр аумаққа тарады», - деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Өрт бойынша тергеумен Атырау облыстық ТЖД айналысуда. Оның салдарынан келтірілген шығын анықталу үстінде.

АМӨЗ-ның баспасөз қызметінен бұған дейін хабарланғандай, өртке Атырау мұнай өндеу зауытында ыстық сорғысындағы жабдықтың герметизацияланбауы себеп болуы мүмкін.

АТЫРАУ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту