Мемлекет басшысы «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2013 12:08
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

altӘңгімелесу барысында Қазақстан Президенті «Лукойл» компаниясы еліміздің мұнай-газ саласындағы ресейлік ірі инвестор болып саналатынын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өзара іс-қимылды дамыту қажеттігіне тоқталды.

В.Алекперов Қазақстан Президентінің қолдауы арқасында компания Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде ел экономикасына 7 млрд. доллардай инвестиция салғанын айтты. «Лукойл» компаниясы түрлі жобаларды іске асыруға белсене қатысуда. Солардың бірі қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жететін  Қазақстанның оңтүстігіндегі майлауға пайдаланылатын материалдар өндіретін зауыт құрылысы болып табылады.  

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат



Ключевые слова: Қазақстан және РесейМұнай-газЭкономикаҚазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту