2012 жылы республикада газ өндіру 40,1 млрд. текше метрді құрады

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2013 12:14
2012 жылы республикада газ өндіру 40,1 млрд. текше метрді құрады. 

Таратылған мәліметтерге қарағанда, тауарлық газды өндіру көлемі 21,7 млрд. текше метр болды (2011 ж. қарағанда 100%).  Сонымен қатар республика облыстарының табиғи газды тұтыну көлемі 10,5 млрд. текше метрге жетті (2011ж. қарағанда 103,2%).

2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Газпром» ААҚ, «Узбекнефтегаз» НХК және ҚМГ арасындағы Газдың қарсы жеткізілімдері туралы келісімге сәйкес газдың барлық импорты тең баға мен тең көлемдер бойынша Қарашығанақ экспортымен «свопталады».  Республиканың газ экспортының көлемі 8,5 млрд. текше метрді құрады (2011 ж. қарағанда 103,7%). Айта кетейік, еліміз аумағы арқылы 96,5 млрд. текше метр (100%) көлемінде газ транзиті жүзеге асырылды. 

2,2 млн. тонна сұйытылған көмірсутегі газы (103,1%) өндірілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 1,0 млрд. текше м. құрады, өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 83,2% құрады.

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту