Ракушечный-теңіз құрылымында мұнай өндіру жұмыстарын 2018-2019 жылдары бастау жоспарланған - ҚМГ

размер шрифта: Aa | Aa
07.02.2013 13:38

 Ракушечный-теңіз құрылымында мұнай өндіру жұмыстарын 2018-2019 жылдары бастау жоспарланған деп хабарлайды «Қазмұнайгаз» қазақстандық мұнай-газ компаниясының баспасөз қызметінен.

2013 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ» және «КонокоФиллипс Петролеум Холдингз Б.В.» («КОФ») «Н Блок Б.В.» компаниясының 100% акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ Н жобасындағы жер қойнауын пайдалану құқығының 75,5% және «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-дағы 75,5% қатысу үлесін иеленді. Қол қойылған Н жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес ҚМГ 75,5% қатысу үлесімен және МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ – 24,5% қатысу үлесімен жобаның қатысушысы болды.


 «Бұл келісімнің құны жоба шеңберінде КонокоФиллипс компаниясы ұшыраған тарихи шығыннан және активтің бағаланған нарықтық құнынан айтарлықтай аз»,-делінген хабарламада. 


«Gaffney, Cline & Associates» компаниясы жүргізген аудитқа сәйкес, Н учаскесіндегі шартты ресурстар қоры 244 млн. тонна, мұнайдың шартты қоры 31,5 млн. тонна және газдың шартты қоры 19 млрд. текше метр.


Оператор Ракушечный-теңіз және Оңтүстік Нұрсұлтан құрылымдарында екі барлау ұңғысын бұрғылады. Ракушечный-теңіз құрылымы бойынша ҚР құзырлы органдарының келісімі негізінде бағалау жұмыстары кезеңіне өту жүзеге асырылды. Бұл құрылымда мұнай өндіруді 2018-2019 жылдары бастау жоспарланған. ҚМГ Н. учаскесінде көмірсутегі шикізатын барлау және бағалау бойынша геологиялық барлауды жалғастыруды көздеп отыр. Жоғарыда аталған құрылымдардан басқа, геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін Әл-Фараби, Самал, Сарыарқа, Шығыс Нұрсұлтан және Солтүстік Нұрсұлтан сияқты болашағы үлкен бірқатар учаскелер бөлінді.


«Н» жобасы оған толықтыруларымен қоса 2009ж.29.05 «Н» учаскесі бойынша көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге арналған келісімшарт болып өзгертілген 2007ж.29.12 №2546 Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес іске асырылуда. Ракушечное-море құрылымы бойынша бағалау жұмыстары кезеңіне өту жүзеге асырылды. Нұрсұлтан құрылымында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша ҚР Мұнай және газ министрлігіне көмірсутегілердің табылу ықтималдығы туралы хабарлама жіберілді. 

АСТАНА,  7  ақп -Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту