Павлодар облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған РФ азаматтары ұсталды

размер шрифта: Aa | Aa
07.02.2013 15:57
Павлодар облысының полицейлері Шарбақты ауылына кіреберісте мұнай өнімдерін тиісті құжаттарынсыз тасымалдап келе жатқан, Барнаул (РФ) тұрғынының басқаруындағы цистернасы бар «Камаз» көлігін ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Сол күні полиция қызметкерлері тізгінін Ресей Федерациясының Заринск қаласының тұрғындары ұстаған тіркемелі цистерналары бар «Вольво» және «DAF» екі көлігін тоқтатты. Жүргізушілерде жүктердің ілеспе құжаттары болмады.

«Мұнай өнімдерін құжаттарсыз тасымалдау» бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

ПАВЛОДАР. 6 ақпан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Басқа меморгандарМұнай-газПавлодар облысыҚылмыспен күресҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту