Астанаға дейін тартылатын газ құбырының құрылысы биылғы жылдың 1 тоқсанында басталады

размер шрифта: Aa | Aa
07.02.2013 15:59
Астанаға дейін тартылатын газ құбырының құрылысы биылғы жылдың 1 тоқсанында басталады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның өткен жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылғы міндеттеріне байланысты өтіп жатқан кеңейтілген алқа мәжілісінде қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысы бойынша Үкіметпен бірлесе ең маңызды мәселе тұрғысында шешімі табылды, яғни қаржыландыру мәселесіне нүкте қойылды. Біз оның құрылысын биыл 1 тоқсанда басталатынына кепілдік бере аламыз»,-деп атап өтті Ө. Шөкеев.

АСТАНА 7 ақпан. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: Астана«Самұрық Қазына» ҰӘҚМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту