Қазақстандық қамту деңгейі 1 пайызға да жетпейтін мұнай-газ компаниялары бар - Мұнай және газ министрлігі

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2013 17:12
 Елімізде қазақстандық қамту деңгейі 5 пайыздан аспайтын 19 мұнай-газ компаниясы бар. 

Бұл туралы Астанада басталған «Мұнай және газ: Қазақстандық қамту - 2013» форумы барысында ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов мәлім етті.

Атап айтқанда, Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқан «Орал Ойл энд Газ», «Meerbusch», «СНПС Ақтөбемұнайгаз», «Теңізшевройл», «Тасболат Ойл Корпорэйшн», «ЖайықМұнай» және «North Caspian Operating Company B.V.»-ның қазақстандық қамту деңгейі 5 пайыздан төмен болса, «Каменистое-Мұнай», «ҚоЖан», «Равнинное ойл», «NORTH CASPIAN PETROLEUM LIMITED», «Astana Oil Company», «Мұнайлы Қазақстан», «ВМВ Мұнай», «Қазақойл Ақтөбе», «СП FIAL», «Барлау активтері ҚМГ БӨ», «SK PETROLEUM», «Total EandP Nurmunai» филиалы сияқты компаниялардың тауарларды сатып алу саласындағы қазақстандық қамту деңгейі 1 пайызға да жетпей отыр.

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстандық тауарҚР Мұнай және газ министрлігіАстанаМұнай-газӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту