«KEGOC» АҚ-ның 2012 жыл ішінде журналистер арасындағы шығармашылық конкурс лауреаттары жария етілді

размер шрифта: Aa | Aa
19.02.2013 10:11
Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ жыл сайын саланың даму мәселелеріне назар аудару, Жүйелік оператор қызметін таныту мақсатында баспалық, электрондық және ғаламторлық БАҚ журналистері арасында дәстүрлі шығармашылық конкурс өткізеді.

alt

Конкурсқа 2012 жылдың 1 қаңтарынан 20 желтоқсаны аралығындағы мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған материалдар жіберілді.

Ресми тәртіппен БАҚ-тан 6 өтінім келіп түсті. «Электр энергетикалық саласындағы әлеуметтік мәнді жобаларды үздік танытуға» арналған конкурс тақырыбының аясында 34 материал бағаланды.

Қарастыру нәтижесі бойынша 7 (жеті) номинация айқындалды, онда лауреаттар болып мынадай журналистер мен басылымдар танылды:

1) «Үздік материал» - журналист Ж. Жағыпарұлы, «Егемен Қазақстан» газеті.
2) «Шынайылық» - «Курсивъ» газетінің редакциясы, электр энергетикалық саласындағы өзекті үдерістер бойынша жарияланымдар сериясы үшін.
3) «Анықтық» - күнделікті «Литер» газетінің редакциясы, электр энергетикалық саласын дамыту жөніндегі жобалар туралы жарияланымдар сериясы үшін.
4) «Сұхбат» - «Халық сөзі» газетінің тілшісі Д. Дүйсебай. 
5) «Ақпараттық қолдау» - «BNews.kz» ақпараттық порталының редакциясы. 
6) «Оралымдылық» - «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінің редакциясы.
7) «Тораптағы жылжу» - блоггер А.Төреғұлов. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту