Жапония энергетика саласында ынтымақтасуға мүдделі – ИЖТМ

размер шрифта: Aa | Aa
18.02.2013 17:37

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің Жапонияға сапары жалғасуда, деп хабарлады республиканың индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.

Япония

«Вице-премьердің басшылығымен Қазақстандық делегация бірқатар жапон компанияларымен және ұйымдарымен кездесті. Олардың ішінде: NEDO (Индустриялық технологияларды және жаңа энергияны дамыту ұйымы), JICA (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапон агенттігі) және JAPC (Жапон атамдық энергетика компаниясы)», - делінген хабарламада.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтуге мүдделілік танытты.

«Мысалы, JICA басшылығымен кездесу барысында осы ұйыммен Қазақстанның ынтымақтастығы белсенді дамуда екендігі атап өтілді», - деді ҚР ИЖТМ.

АСТАНА, 18 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту