Шымкентте болашақ кәсіпкерлердің бизнес-жобалары сарапқа салынды.

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2013 11:10

Жас бизнесмендердің «Atameken startup» байқауы «Атамекен Стартап» қоғамдық қорының жетекшілігімен жүзеге асырылып келеді.

Былтыр шара еліміздің жеті өңірінде ұйымдастырылды.

Шымкентте болашақ кәсіпкерлердің бизнес-жобалары сарапқа салынды.

Үш күндік байқаудың алғашқы күні 103 үміткер қатысты. Өзінің іскерлік қабілетін байқап көргісі келген жастардың арасынан 24 жоба іріктеп алынды. Үздік деп танылған он бизнес жоба ақтық сайысқа жолдама алды. Сайыстың соңғы күні идея авторлары жобаларын қазылар алдында қорғады.

Нәтижесіне қарай, ұйымдастырушылар 1-орынға 300 мың, 2-орынға 200 мың, 3-орынға 100 мың теңге сыйақы тапсырады.

«Атамекен Стартап» қоғамдық қорының жетекшісі Жандос Құрманбаев:

- Негізгі мақсат: қазақ жастарын кәсіпкерліккке баулу. Тың идеяларды, озық бастамаларды іске асыратын белсенді жастарға жол ашу.

Олардың жоба-жоспарлары интернет техологияларына лайықталып жасалған. Соңғы күннің ақтық сынына жас стартапперлер: Айбек Қуатбаевтың «Қазақстандағы бірыңғай электронды білім беру жүйесін  құру» және Жарқын Шынболатовтың «Ұлттық ойындарды әлемге ғаламтор арқылы паш ету» жобасы да шықты.

«Жастар Орталығы» МКМ директоры Қанай Әшірбеков:

-   «Олар  қазіргі таңда шағын жобалар ғана. Оны жетілдіре түссе, маңыздылығы мен коммерциялық құнына қарай 50 мың АҚШ доллары көлемінде қосымша қаржы алу мүмкіндігі бар. Идеялар жәрмеңкесі қазір Шымкентте ғана емес басқа жерлерде де өтіп жатыр.

«Атамекен Стартап» аясында өткізілетін келесі жиын наурыздың 1-3 күндері Кентау қаласында жалғасады.

Жобаның басты әріптестері: «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Медикер» компаниясы


Munaigaz.kz Шымкент

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту