Алдағы екі жыл ішінде елдордаға магистральді газ құбыры тартылады

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2013 12:14
Алдағы екі жыл ішінде елдордаға магистральді газ құбыры тартылады. Бұл туралы Астана қаласы  әкімдігінен  мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы 2014 жылдың соңына қарай авто-газ үлестіру стансаларын салуды және магистральді газ құбырын тартуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, 800 мыңнан астам тұрғыны бар Астана қаласына жалпы 1,2 млрд. текше метр газ қажет. Бұл қаланың индустриялық аймағы мен жеке секторындағы нысандарды толығымен газбен қамтуға мүмкіндік береді.

Астана қаласы ресми сайтының хабарлауынша, бүгінгі таңда қалаға газ тарту мәселесі төңірегінде шешім қабылдаумен қатар, жылу электр орталығында газ пайдалану мәселесі де пысықталып жатыр.

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат  
Ключевые слова: Мұнай-газҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту