Мәжіліс мұнай өнімдерін жеткізудегі сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2013 12:18
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан

Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына мұнай жеткізу көлемдерін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері арасында мұнай және мұнай өнімдерін өзара жеткізу көлемдерін қоса алғанда, құзыретті органдары жыл сайын мемлекеттер аумақтарында мұнай, мұнай өнімдері өндірілуінің (шығарылуының), тұтынылуының, жеткізілуінің импорты мен экспортының балансын жасайды. Келісім шарттарына сәйкес, Тараптар мұнай және мұнай өнімдерімен өзара саудада әкетілетін баж алымдарын, сондай-ақ барабар күші бар өзге де баждар мен алымдарды қолданбайды. Бұдан бөлек, келісім бойынша жыл сайын Тараптардың құзыретті органдары хаттамамен Қазақстан Республикасының аумағынан, Кеден одағының кеден аумағынан тысқары әкету кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы әкетілетін кедендік баждардың, өсімпұлдардың төленген (өндіріп алынған) сомаларын АҚШ долларымен толық көлемде Ресей Федерациясының бюджетіне аударатын мұнай өнімдерінің номенклатурасын айқындайды. Заң жобасы осы мәселелерді қарастырып отыр.

Бұдан бөлек, депутаттар «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да мақұлдады. Хаттамамен енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн екі мемлекеттiң аумақтарындағы мұнай өнiмдерiнiң бекiтiлген индикативтiк баланстарына сәйкес көлемде жүргізіледі. Ал Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасына әкелiнген мұнай өнiмдерi үшiн Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткiзудi жүзеге асырады. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелiнген мұнай өнiмдерi үшiн Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткiзу тәртiбi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес әдiстемемен белгiленедi.

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат  
Ключевые слова: Мұнай-газЗаңПарламентҚазақстан және Ресей
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту