Ә.Исекешев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды

размер шрифта: Aa | Aa
01.03.2013 10:45
 Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Сапар барысында Ә.Исекешев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге Ақшабұлақ кен орнында болып, ондағы мұнай дайындау және жөнелту орталығының жұмысымен танысты.

«ҚазГерМұнай» кәсіпорны өндіретін мұнай қоры Ақшабұлақ кен орнында жиналып, өңделеді. Құрғатылған соң «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырына айдалады. Мұндағы цехта қазір вахталық ауысым бойынша 34 адам жұмыс жасайды. Әдепкі жылдары орталықтың жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна өнім болса, 2005 жылдан бастап 3 млн.-ға жетті. Тауарлы мұнай ұзындығы 57,3 шақырымды құрайтын «Ақшабұлақ - Құмкөл» құбырының екі желісі арқылы айдап шығарылады. 

Вице-министр сондай-ақ Сырдария ауданына аялдап, ондағы 2-Газ өңдеу қондырғысының жұмысымен танысты. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «Газды пайдаға жарату» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында нысанды 2010 жылы іске қосқан болатын.

Одан әрі «Кристалл Менеджмент» ЖШС-ға қарасты қуаттылығы 87,03 мВт болатын газтурбиналы электр стансысының жұмысын көріп, алдағы міндеттер туралы мағлұматтарға қанықты.

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 ақпан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту