Шымкенттегі он мөлтек ауданның халқы биыл толықтай көгілдір отынға қол жеткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
04.03.2013 12:18

Шымкентте газдандыру ісі жалғасып келеді. Үстіміздегі жылы шым шаһардағы он бірдей шағын ауданға табиғи газ тартылады. Бұған Оңтүстік Қазақстан облысының қазынасынан 3млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Шымкенттегі он мөлтек ауданның халқы биыл толықтай көгілдір отынға қол жеткізеді

«Ең алдымен Нұртас, Тассай шағын аудандарын, Шапағат, Солтүстік  Шығыс ықшам аудандарын газбен жабдықтау жүйелері аяқталады. Бұдан бөлек Қызылжар, Достық, Достық -2 шағын аудандарының газ жүйелері биыл басталып, жыл соңында құрылысы  ақталуы тиіс. Тараз шағын ауданында бұл шаруа былтыр басталған, енді  24 млн теңгені игеру қалып тұр»,- деді  Шымкент қалалық  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  бөлімінің бастығы Жарқынбек Құрманбеков.

Айта кетейік, жыл басында қала халқының 78 пайызы  көгілдір отынмен  қамтамасыз етілген. 2012 жылы 10 шағын ауданды газдандыруға  1,9 млрд. теңге қаралып, жыл соңына дейін 6 шағын ауданға газ толығымен пайдалуға берілді. Нәтижесінде 148 км газ тартылып, қала халқының 83 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген болатын.

«Сонымен қатар, қалалық бюджеттен 12 шағын ауданда жобалық -сметалық құжатын дайындауға 43 млн. теңге бөлініп толығымен 2013 жылдың бюджетіне құрылысқа өтініш берілді.

2013 жылы бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп 10 елді мекендерде құрылыс жүреді және 6 нысанға жобалық сметалық құжаттар әзірленеді», - деп қосты бөлім бастығының орынбасары Бақытжан Рысбаев. – Тұрғындар көгілдір отынды  Өзбекстаннан келетін газдан алады.

Көгілдір отын кіргізу ісі қарқын алған ауданның бірі Шымкенттегі  Қызылжар мөлтек ауданы. Тұрғындар соңғы жылдары көптеп қоныстанған бұл шағын ауданда көгілдір отынға қол жеткізер күнді  асыға күтіп жүргендер көп. Тұрғындардың мүмкіндігі бары өз есебінен қыруар қаржыға кіргізіп алған. Әр отбасы кемінде 150мың теңгеден қалтасынан шығаруға мәжбүр болды. Ал мұндай мүмкіндік екінің бірінде жоқ.  Көгілдір отынды армандап қана жүрген бірнеше аудандағы мыңдаған жанұя «бұйыртса биыл күзге салым көмір жағып, күйелеш болудан құтылатын болдық» деп қуанып жүр.   Қазір он шағын ауданда да құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ерекшелігі сол - көгілдір отын  жер астымен жүреді. Қызылжар ықшам ауданында жұмыс істеп жатқан мердігер мекеме  міндетті белгіленген мерзімде  толық аяқтаймыз деп отыр.

Әуезхан  Өтетілеуов -  «Асыл -  Кеңес» ЖШС  инженері : Қызылжар елді-мекенінде газбен жабдықталып жатыр қазір. Күн жылдынды. 15-ші маусым аяқтаймыз. Қазір кесте бойынша келеміз.

Айта кетейік, шымшаһардағы  мөлтекаудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге  биылғы жылы  7,7 млрд теңге бөлініп отыр.  Бұл  көрсеткіш жыл соңына қарай көбейюі мүмкін.    Қазіргі  бөлінген қаржының алғашқы 2,3 млрд теңгесін ауыз су жүргізуге жұмсалмақ.   Бұл мақсатта  8 елді-мекенде құрылыс жүргізу жоспарланды.

Сонымен қатар, Шымкентте  электр  энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқын алған. Бұл мақсатқа  628 млн теңге  қарастырылыпты.  Осы қаржыға әуелгі кезекте Забадам, Ақтас, Куйбышев  сынды  халық тығыз қоныстанған   мөлтек аудандарға жаңадан электр бағаналарын жүргізіледі.   Ең бастысы, халқының саны миллионға жуықтаған шаһарда инфрақұрылым мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.

4 наурыз. Шымкент. Munaigaz.kz.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту