Қашағанда мұнай өндіруді бастау наурыздан маусым айына ауыстырылды

размер шрифта: Aa | Aa
05.03.2013 10:30
Қашаған теңіз кен орнында алғашқы мұнай өндірісін бастау мерзімі наурыз айынан маусымға шегерілді, деп хабарлады облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен болған кездесуде «Аджип ККО» компаниясының басқарушы директоры Умберто Каррара.

У.Каррараның айтуынша, Солтүстік Каспий жобасының қатысушылары мен Қазақстан Үкіметі арасындағы келісілген құжаттарда дәл осы күн белгіленген.

«Шешімді қажет ететін белгілі бір мәселелер бар. Бірақ компания бұл шартты орындау үшін бар күшін салуда», - деп мәлімдеді У.Каррара.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде NCPOС басқарушы директоры Ханс Беккер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында алғашқы мұнайды өндіру келісімшартта белгіленген мерзімнен ертерек - 2013 жылдың наурыз айында басталады деп мәлімдеген болатын. Кен орнында бастапқы кезеңде тәулігіне 75 мың баррель мұнай өндірілмек.

Келісімнің шарттары бойынша, егер 1 желтоқсанға дейін Қашаған кен орнында мұнайдың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісі басталмаса, Қазақстан консорциумға жобаны іске асыруға бағытталып жатқан қаражаттарды өтеп бермейді.

АТЫРАУ. 5 наурыз. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газӨнеркәсіпҚазақстандық тауар
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту